Үйірме жұмысы- білім алушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Үйірме жұмысы- білім алушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту
29
сентябрь
2022

Үйірме жұмысы- білім алушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту

    Үйірме жұмысы- білім алушылардың шығармашылық қабілеті мен дербестіктерін жан-жақты дамыту, бос уақытын ұтымды ұйымдастыруға, мұғалімдердің шығармашылық қызметін шыңдауға жол ашады. Бала білімінің молаюына, дүниетаным аясының кеңеюіне үйірмелердің, сыныптан тыс жұмыс түрлерінің тигізетін әсері мол. Үйірме жұмысы алдымен кең тынысты шараларды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс, сонда ғана ол оқушылардың ынта-ықыласын толық қанағаттандыра алады.
Биылғы оқу жылында көркем өнерлік- эстетикалық, сәндік- қолданбалы, спорттық, экологиялық бағыттарда ұйымдастырылды. Атап айтсақ, «Веселые художники», «Волшебная мастерская», «Шебер қолдар», «Волейбол» ұлдар, қыздар, «Жеңіл атлетика», «Баскетбол», «Дойбы», «Футбол», «Жас эколог», «Экология и дети», «Табиғат және біз», «Жасstar» КВН, «Театр және біз», «Этика и здоровье», «Болашақ» дебат сынды үйірмелер бар. Қазіргі уақытта 19 үйірмеге 449 бала қатысып, өздерінің қабілеттерін шыңдауда. Барлық үйірме жетекшілерінің жылдық жоспарлары бекітіліп, мектепішілік бұйрық шығарылды. Жалпы мектебімізде баланы тәрбиелеудің басты құралы саналатын үйірмелер жұмысы бір ізге түскен. Бұл бағытта түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Жоспар жүзеге асса, балалар көкжиегі кеңейіп, мүмкіндіктер әлеуеті артатын болады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив