18
май
2022
"Балалық шақ" тақырыбында ертеңгілік өтті
Президентіміз биылғы 2022 барыс жылын "Балалар жылы"деп жариялады. Мұндағы мақсат өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау,білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау.Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпыұлттық міндетіміз,деп баса айтты.
Биылғы балалар жылына орай Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен "Балалық шақ"тақырыбында ертеңгілік өтті. Балалар жылына орай ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілігімізді ашып беру үшін мектебіміздің ДТІЖО Абдуалиева Бекзат Макенқызы сөз сөйледі.Өз сөзінде "Балалар жылымен"құттықтап,Президенттің балаларға ерекше назар аудару керек,себебі олардың амандығы-мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі ,-дегенін тілге тиек ете отырып ,балалардың жарқын болашағына сенетінін білдіріп, ертеңгілікті ашып берді.Ертеңгілікте
1-ші және 3 -ші бастауыш сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.Балалардың өнеріне тәнті болған көрермендер қол соғып,қошеметтерін білдірді.Бір -бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз,мейріміміз сарқылмасын!Ендеше болашағымыз жарқын,ұрпағымыз бақытты болсын десек,бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды аямайық!
Бастауыш сынып мұғалімі:Халмуратова Г.С