18
май
2022
«Спорт нашақорлыққа қарсы!»
2021-2022 оқу жылынының 18 мамыр күні «Спорт нашақорлыққа қарсы!» атты тақырыпта 5-7 сыныптар арасында спорттық жарыс өткізілді.. Жарыстың мақсаты оқушылардың жастығын сақтайтын, кедергі келтіретін есірткі, ішімдік сияқты санамызды улап, еңсемізді түсіретін қылықтардан бойымызды таса ұстау.
Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау. Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама. «Салауатты өмір сүру дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беретін болсақ, ол - әлеуметтік өмірді жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды нәрселерден аулақ болу. Ал зиянды әрекеттер дегеніміз, қазіргі таңда кең етек алған, заманымыздың кеселді дерттері - шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық. Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады.
Орындағандар: әлеуметтік педагогтар