17
январь
2022
ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитетінің 15.01.2022 жылғы 18-2/63 хаттарының негізінде мектепішілік 16.01.2022 жылғы №3 Бұйрыққа сәйкес 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап 1-4 сыныптар, 9,11 сыныптар штаттық форматта, ал 5-8, 10 сыныптар онлайн оқыту форматына көшті. Онлайн оқыту "WhatsApp" желісі арқылы ұйымдастырылып, қашықтықтан оқыту форматына көшкен білім алушылардың қажеттілігіне қарай компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Оқытуды штаттық форматта ұйымдастыру барысында "Бір кабинет- бір сынып" қағидаты және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталды.
