08
октябрь
2021
«Қазақтың бірегей тағамдары» атты фестиваль
Ағымдағы жылдың 8 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-6 сынып оқушылары арасында «Үнем-қоғам қуаты» жобасы аясында «Қазақтың бірегей тағамдары» атты фестиваль өтті. Бұл шарада оқушылар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын ұлттық дастархан мәзірін көпшілікке таныстырды. Фестивальға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болған сыныптарды мектеп директоры- Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы І,ІІ,ІІІ орындар және алғыс хаттармен марапаттады. ДТЖО: Абдуалиева Б.М.








