28
май
2024
“Табиғатты аялайық” атты суреттер байқауы ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 28 мамыр күні бастауыш сыныптар бойынша “Жазғы мектеп” жұмысын ұйымдастыру жоспары аясында 1-2 сыныптар арасында “Табиғатты аялайық” атты суреттер байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: балаларды туған жер табиғатына деген сүйіспешіліктерін арттыру, табиғаттағы сұлулықты көре білуге, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға баулу. Балалар берілген тақырыпқа сай суреттер салып, салған суреттерін сыныптастарымен таныстырды. Балаларға табиғатты қорғау керектігі түсіндіріліп, оқушылар арасында пікірталас жүргізілді.
