30
апрель
2021
«Ер жігіт өспей ме?» атты КТК ойыны болды
2021 жылдың 30 сәуір күні Жамбыл облысы Меркі ауданының Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас- star» көңілді тапқырлар клубының оқушылары арасында мектепішілік Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ер жігіт өспей ме?» атты КТК ойыны болды. Ойынға төрт команда қатысып, ауыспалы кубокты сарапқа салды. Аталған шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысып, белсендік көрсеткен, актерлік шебер өнерлі жастарымыздың ойындарына тамсанды. Нәтижесінде мектеп директоры- Нұрдаулет Талантұлы баршаны Ынтымақ күні меркесімен құттықтап, «Қаланың қыздары» командасы- ІІІ орын, «Күншуақ» командасы- ІІ орын, «Жас- star» командасы- І орын, «Ата- ана, бала-шаға» командасына- «Бас жүлдені» және кубокты табыс етті. Сонымен қатар барлық ойыншылардың ішіндегі ең кішкентай ойыншымыз- Рысбек Бекнұрға «Ең үздік» номинациясы берілді.














































