16
май
2024
16 мамыр күні 1-11 сынып ата —аналарымен жиналыстар болды
Ағымдағы жылдың 16 мамыр күні 1-11 сынып ата —аналарымен жиналыстар болды. Күн тәртібінде 1.Құқық бұзушылықтың алдын алу. 2.Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. 3.Жазғы сауықтыру лагері. 4.Келесі жылға мектеп формасы туралы мәселелер қаралды. Жиналысқа келген ата—аналарға отбасы құндылықтарын дәріптеу, достық қарым—қатынасты үйде де, сыртта да қалыптастыру,бала бойында жауапкершілікке, сенімділікке, бұзақылық жолға бармауға тәрбиелеу ата ананың басты міндеті туралы айтылды. Бала тәрбиесі —ата—ана үшін жауапты міндет. Сондықтан қоғамға пайдасы тиетін еңбекқор, ұстамды, ақыл—ойлы, саналы, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу туралы айтылды.













