29
апрель
2021
Kahoot-білім беру жобаларына арналған қосымшамен тестілеу жүргізді
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ де 11 «А» сыныптың тарих пәні мұғалімі: Ташметова Жамила Жолдасалиевна оқушыларымен қорытынды аттестаттауға дайындық мақсатында интернет желісіндегі Kahoot-білім беру жобаларына арналған қосымшамен тестілеу жүргізді. Оның көмегімен тест, сауалнама, оқу ойынын жасай алуға немесе білім марафонын ұйымдастыра алуға болады. Бағдарлама жұмыс үстелінде де, смартфондарда да жұмыс істей береді.Тест жұмысын орындауда сынып смартфон арқылы түгел кіріп тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде,бір - бірімен жарыса орындауға мүмкіндігі бар.Әр оқушының жауабы жеке,бірден шығып орындары мен жинаған баллдары көрініп тұрады.Бұл қосымша оқушылардың оқуға деген белсенділігі,қызығушылығы мен есте сақтау қабілеттерін жан жақты дамытады.


















