24
апрель
2024
“Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу”
Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні “Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында аудан әкімінің орынбасары Өмірбек Мейірхан Азатұлы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жауапты сала қызметкерлерімен ата- аналармен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында Мейірхан Азатұлы қазіргі қоғамдағы оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы мәселелерге ата-аналардың назарын аударып, кәмелетке толмаған балалар арасында құқық бұзушылық пен суицид жасау әрекеттерін азайту үшін ата-аналар, мектеп ұжымы және құзіретті мекемелердің бірлесіп жұмыс істеуі маңызды екенін айтты. Ата-аналар назарына «Құқық бұзушылыққа жол бермеу», «Ұрлық түбі қорлық» тақырыбында бейнероликтер көрсетіліп, талқыланды. Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі ювеналдық полиция тобының полиция майоры Динара Омарова кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологтары «Ата - аналарға кеңес беру», «Жанұя бақыты – шаңырақ шаттығы» атты психологиялық тренингтер жүргізілді.Сонымен қатар, «11 жасқа толған жасөспірім қыздарға (АПВ) папилома вирусына қарсы вакцинациясының тиімділігі мен кезеңі» бойынша аудандық емхана гинеколог-дәрігер Әйгерім Әбілхайыр ата-аналарға күз кезінде 11 жасқа толған жасөспірім қыздарға екпе салынатындығы туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C6N1MEPsuFP/?utm_source=ig_web_copy_link
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C6N1MEPsuFP/?utm_source=ig_web_copy_link
