23
апрель
2024
«Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында тренинг өткізді
Ағымдағы жылдың 23 сәуір күні Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сай оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған нашақорлық және мінез-құлық ауруларының алдын алуға бағытталған айлық барысында мектеп психологтары: Н.З.Исаева мен А.Т.Назаралиева 8 «Б» сынып білім алушыларымен жеткіншектердің есірткі мәселесі бойынша ақпараттылық деңгейін жоғарлату, психикалық белсенді заттарды қолдануға қарсы дағдыларын дамыту мақсатында «Нашақорлық-қоғам дерті» тақырыбында тренинг өткізді. Ақпараттану деңгейін бағалау, мәселенің өзектілігін анықтау мақсатында арнайы дайындалған сұрақтар арқылы сұхбат жүргізілді. «Адамдар есірткіні неге қолданады?» тақырыбында видеоролик көрсетіліп сұрақтарға жауап берілді. М. Рокич «Құндылық бағдар» әдістемесі, «Сағат тілі» жаттығулары жүргізілді.
