20
март
2024
Сенбілік шара өтті.
Ағымдағы жылдың 20 наурыз күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 8-10 сынып білім алушыларымен көктемгі мектеп ауласын тазарту, көркейту және күл-қоқыстарды жинау мақсатында сенбілік шарасы өтті. Бұл сенбіліктер оқушылардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және мектеп ауласының санитарлық жағдайын жақсартуға тигізер ықпалы мол. Бұндай қоғамдық жұмыстарға мектеп оқушылары үнемі атсалысып, үрдіске айналған игілікті іске үлес қосып келеді.









