23
апрель
2021
"Кел,балалар оқылық!" атты мәнерлеп оқу байқауы
Ағымдағы жылдың 22-сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы #20 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сыныптары арасында ағартушы педагог,жазушы,қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына орай мектепішілік "Кел,балалар оқылық!" атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты.Мектепішілік байқауда 1-орын алған 2"а" сынып оқушысы Елубай Нұрсая аудандық мәнерлеп оқу байқауына жолдама алды.Сынып жетекшісі Алимкулова С.






