23
февраль
2024
"Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік" атты үздіктер байқауы болып өтті
2024 жыл ақпан айының 23 -жұлдызында Тұрар Рысқұлов атындағы #20 ЖОББМ де "Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік" атты үздіктер байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты: білім алушылардың тілге деген қызығушылығын ояту, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінен функционалдық сауаттылығын арттыру. Байқауға 10 "А" , 10"Ә" және 10 "Б" сыныптарының үздік оқушылары қатысып өз білімдерін сынады. Білім алушылар "Таныстыру", "Полиглот", "Кім жылдам", "Оқырмандар додасы" және TED форматында тақырыпты қорғау бөлімдерінде үш тілде күш сынасты. Оқушылар білім сайысында аса белсенділікпен қатысып өз білімдерін жоғары нәтижеде көрсете білді және үздік екендерін дәлелдеді. Жарыс соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Демесинова С.Д. және пән мұғалімдерінен құралған әділ-қазылар құрамы әділ бағасын беріп топтарды жүлделі орындармен , ал әр оқушының қабілетіне қарай номинациялармен марапаттады. Жарыс қорытындысы бойынша "Болашақ" тобы (10 а) I орын, "Uzdik" (10ә) II орын, "Достық" (10б) және "Жалын" (10 а) III орындарға ие болды.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері ӘБ жетекшілері.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C31elZjuJpc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері ӘБ жетекшілері.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C31elZjuJpc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
