15
январь
2024
«Өмір неткен керемет!» тақырыбында бірыңғай тренинг сабақ ұйымдастырылып өткізілді.
Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні Меркі ауданының білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес №35 10.01.2024 жылғы бұйрығы негізінде оқушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған 9 –шы сынып білім алушыларымен «Өмір неткен керемет!» тақырыбында бірыңғай тренинг сабақ ұйымдастырылып өткізілді.Тренинг сабақ мақсаты оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау, өмірді қалай сүйетіндіктерін байқау.Тренинг сабақ барысында оқушылармен «Лабиринт», «Әріпті ойын», «Өмірімнің шеңбері» жаттығулары жүргізіліп, тренинг сабақ соңында оқушылар бір-біріне жүрекшелер арқылы жақсы тілектерін, жылы лебіздерін білдірді.
