04
январь
2024
"Білім сапасын көтерудегі ББЖМ-нің үлесі" (коучинг сабақ) тақырыбында ұйымдастырылды
Ағымдағы жылдың 4-қаңтар күні ББЖМ бойынша 2023-2024 оқу жылына арналған "Білім сапасын көтерудегі ББЖМ-нің үлесі" (коучинг сабақ) тақырыбында ұйымдастырылды. ББЖМ-нің өткізілу мақсаты: бастауыш, негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ мемлекеттік білім стандарты талаптарына сәйкес білім алушылардың білім сапасын бағалау мақсатында жүргізу. ББЖМ оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану- ғылыми сауаттылығы бойынша тест тапсырмалары үш қиындық деңгейінде ұсынылады. Коучинг-сабақ барысында 3 мәселе қаралды. 1.ББЖМ кезінде білім алушылар қандай кедергілер мен жайсыздықтар. 2. ББЖМ көрсеткіштерін педагогтердің білім сапасымен қалай теңестіруге болады. 3. ББЖМ -2023 нәтижелері бойынша анықталған "орындалуы қиын" тақырыптарды қалай меңгереді сауалдары қаралды. Коучинг-сабақ жүргізушісі: Джылдамбаева С.Ж.




