03
январь
2024
«Бейіміне қарай мамандық таңдау» тақырыбы аясында ата-аналар жиналысы өткізілді
Мамандық таңдау мәселесі – адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді. Осы орайда мектебімізде «Бейіміне қарай мамандық таңдау» тақырыбы аясында ата-аналар жиналысы өткізілді. Кейбір ата-аналар балаларының мүмкіндіктерін ескермей, өздерінің қалауларын таңдауға мәжбүрлейді. Ол ата-ананың жүзеге аспаған арманы болуы мүмкін. Мен жас кезімде дәрігер мамандығын жақсы көрдім. Бірақ жолым болмады. Енді баламның дәрігер болғанын қалаймын деген секілді пікірлерге арнайы бейне таспалар көрсетіліп, педагог кәсіби бағдар беруші Тонбай Маржанның жетекшілігімен «Мамандық таңдау - өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау» атты тренинг өткізілді. Тренинг барысында ата-аналар алған әсерлерімен бөлісіп, ойларын еркін жеткізді. Арнайы ата-аналар үшін заман ағымына байланысты пайда болған жаңа мамамандықтар мен қалыс қалып бара жатқан мамамандықтар туралы ақпарат берілді. Сұрақ-жауаптар айдары өткізіліп, ата-аналардан сауалнама алынды.
