«ББЖМ нәтижелері бойынша педагогтерді әдістемелік қолдау» » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Жамбыл облысы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ББЖМ нәтижелері бойынша педагогтерді әдістемелік қолдау»
25
декабрь
2023

«ББЖМ нәтижелері бойынша педагогтерді әдістемелік қолдау»

«ББЖМ нәтижелері  бойынша педагогтерді әдістемелік қолдау» тақырыбындағы семинардың анықтамасы
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ базасында «ББЖМ нәтижелері  бойынша педагогтерді әдістемелік қолдау» тақырыбында тәжірибелік семинарда  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары К.И. Утегенова мен  С.Д.Демесинова 4,9-сынып оқушыларына сабақ беретін пән мұғалімдерімен  "Сапаға жол" тақырыбында коуч-сабақ өтті. Коуч-сабақ жоспары ББЖМ - ға оқушыларды дайындаудың тиімді әдіс-тәсілдерін көрсетуге бағытталған. Коуч-сабақтың мақсаты - ұстаздармен өз тәжірибесінде оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттырудағы әдіс-тәсілдерімен бөлісу, белсенділігін арттыруда қолданылылып жүрген қарапайым әрі нәтижелі, тиімді әдістер бойынша теориялық және практикалық жұмыстармен бөлісу. Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мамраимова Д.М.білім сапасын көтеру, оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыру үшін қолданып жүрген,нәтиже берген әдістерімен, құралдарымен бөліссе, физика пәнінің мұғалімі Мамбетниязова М.Б. көптеген жұмыстарды оңтайландыруға QR-код жасаудың маңызын түсіндірді. «Сапаға жол» чатына қосылуға арналған QR-код, екінші бетінде есімдерін жазуға арналған «Абыройлы ұстаз», «Білікті ұстаз», «Цифрлы ұстаз», «Еңбекқор ұстаз», «Жаңашыл ұстаз», «Ізденімпаз ұстаз», «Мерейлі ұстаз», «Ұлағатты ұстаз», т.б жазылған қағаз қойылған. Kahoot,Wordwall платформалары арқылы ІТ сауаттылыққа қатысты сұрақтар мен ББЖМ және мектебіміз туралы ақпараттармен танысты.. Мұғалімдер семинар барысында  көрнекіліктерді көріп, әдіс алмасып, қажетті жаңа мағлұматтар алғандығын айтып, ризашылығын білдірді.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив