07
декабрь
2023
“Дұрыс тамақтанудың пайдасы” тақырыбында тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылында білім алушыларды тамақтандыру жұмысын ұйымдастыру бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарының «Тиімді тамақтануды насихаттау» бөліміне сәйкес 07.12.2023 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «Б» сынып жетекшісі Шахшанбаева К.А білім алушылармен “Дұрыс тамақтанудың пайдасы” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: дұрыс тамақтану,уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу. Білім алушылар дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Бір-бірлерін тыңдай отырып, денсаулық құндылығы,дұрыс тамақтану туралы түсініктерін кеңейтті.







