07
декабрь
2023
«Тез дайындалатын тағамдардың адам денсаулығына әсері»
2023-2024 оқу жылында білім алушыларды тамақтандыру жұмысын ұйымдастыру бойынша атқарылатын іс-шаралар жоспарының «Тиімді тамақтануды насихаттау» бөліміне сәйкес 07.12.2023 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің 5 «А» сынып жетекшісі Мұратбаева А.С. «Тез дайындалатын тағамдардың адам денсаулығына әсері» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында тез дайындалатын тағамдар, олардың шығу тарихы туралы ақпараттар беріліп, тез әзірленетін тағамдардың денсаулыққа зияны, бұл тағамдардың құрамы және фаст-фуд тағамдарының оң және теріс жақтары туралы бейнероликтер көрсетілді. Адамның денсаулығы үшін тиімді тамақтана білу өте маңызды. Ал тиімді тамақтану дегеніміз – құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс, уақытылы қамтамасыз ету. Фаст-фуд тағамдарын ұзақ, күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған. Сондықтан оқушыларға көшеде тез даярланатын тағамдарды өте абайлап жеген дұрыс екенін ескертілді. Оқушылар өз ой-пікірлерімен бөлісті. 







