06
декабрь
2023
Зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні Облыстық білім басқармасы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2023 жылғы 27 қарашасындағы №21-1-21-5/6927-И хатының негізінде «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының» 25-тармағын іске асыру бойынша, 28 қараша мен 8 желтоқсан аралығында онкүндіктің жоспарына сәйкес мектеп ұжымымен «25 қараша бүкіл әлемде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күніне орай, мектептің кәсіподақ төрайымы-Ш.Б.Жексенованың, мектеп психологтары: Н.З.Исаева мен А.Т.Назаралиеваның ұйымдастыруымен, мектеп инспекторы Мұхтар Талшын Қанатқызы, Меркі АПБ-нің ЖПҚ-ң учаскелік полиция инспекторы Солтанаев Болат Сейтказыевичтің қатысуымен «Зорлық-зомбылық қоғам қасіреті, ал оны тоқтату әрқайсымыздың қолымызда» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.Семинар-тренинг барысында қатысушылар бейнекөріністен алған әсерлерімен бөлісіп, Жаңа ақпарат айдарында көптеген мәліметтер ала алды, «Психодиагностика», «Ассоциация», «Әріп таңдау» «Таңдау» жаттығуларында өздеріне өзіндік баға беріп, Кейс стади (Мәтін талдау) кезеңінде «Өмір сүрудің ең жақсы жолы» мәтініне талдау жасап, сергіту мақсатында «Таяқшалар», «Көңілді шарлар» ойын-жаттығулары жүргізілді. Семинар тренингті қорытындылау мақсатында кері байланыс рефлексия жүргізілді.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0ia2mhuxRY/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/C0ia2mhuxRY/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
