20
сентябрь
2023
"Тарихқа құрмет"
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні "Тарихқа құрмет" жобасы аясында "Театр және балалар" үйірмесінің" жетекшісі Г.Карибаева 10-11 сынып оқушыларымен іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты: Бұқар жырау Қалқаманұлының қазақ хандығы кезіндегі елеулі еңбегін насихаттау, толғауларының тәрбиелік мәнін ұғындыру. Биылғы оқу жылында мерейтойлық атаулы күндер бойынша Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығы енгізілді. Қазақ хандығының тұсында, алмағайып заманда, Абылай ханның кеңесшісі болған Бұқар жыраудың қызметі, өмірі туралы айтылды. Білім алушылар"Абылай хан мен Бұқар жырау" атты шағын қойылымды сахналады.

