21
сентябрь
2023
Кондаштың қобалжу шкаласы және Лусканова әдістемелері жүргізілді
Мектеп оқушыларының өмірінде 5-сынып бейімделу кезеңі өте өзекті. Орта мектепте оқыту түбегейлі өзгеріске ұшырайды: балалар негізгі мұғалімнен сынып жетекші немесе таныс емес пән мұғалімдері жүйесіне, жиі кабинеттік жүйеге, жаңа пәндерге, қосымша жүктемелерге ауысады. Алайда барлығына үйрену керек! Осының барлығы оқушыдан өзін-өзі басқаруды, көңіл бөлуді талап етеді. 5-сынып оқушыларына психологиялық қолдауды талап етеді, себебі ол балалық пен жасөспірім кезеңінің қажетті көпірі. Білім алушылардың бойында мектептік қобалжу, өзін өзі бағалау, басқалармен қарым-қатынаста туындаған қиындықтарды анықтау және пәнге көзқарастарын білу мақсатында Кондаштың қобалжу шкаласы және Лусканова әдістемелері жүргізілді .Мектеп психологы.
