29
сентябрь
2023
“Алақандарын жылытып, әжімдерін жазайық” тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті
2023-2024 оқу жылындағы сыныптың тәрбие жоспарына сәйкес, “Қайырымдылық” жобасы аясында қыркүйектің 29-шы жұлдызында 8 “А” сынып оқушыларымен 1 қазан - Қарттар күніне орай ұйымдастырылған “Алақандарын жылытып, әжімдерін жазайық” тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпақты үлкендерді құрметеуге, жастарын сыйлауға трбиелеу. Акция барысында сынып оқушылары округ тұрғыны Тұрсынбаева Ұлар әженің үйін, ауласын тазалап, қолғабыс жасап, апаның ақ батасын алды. Акция соңында оқушылар Ұлар әжемен естелік суретке түсті.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cxxnu5Tsl_2/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/Cxxnu5Tsl_2/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=NTYzOWQzNmJjMA==
