29
сентябрь
2023
"Мектебің-алтын ұяң жарқыраған, ұстазың- бұлақ көзі сарқыраған" тақырыбында эссе байқауы өтті.
2023-2024 оқу жылының 29 қыркүйегінде 8 сынып білім алушылары арасында 5 Қазан - Ұстаздар күніне орай "Мектебің-алтын ұяң жарқыраған, ұстазың- бұлақ көзі сарқыраған" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқауға қатысуға 8 сынып оқушыларының басым бөлігі ниет білдірді. Эссе жазу барысында оқушылар ұстазға, мектепке деген сүйіспеншілігін өрнекті сөздері, жүректен шыққан ойлары арқылы шебер жеткізе білді. Байқау қорытындысын жасау барысында 8 "А" сынып білімалушылары - Алипхожа Ертай, Кенес Айзере сынды авторлардың жұмыстары үздік деп танылды




.





