27
октябрь
2023
"Мектеп" жедел - профилактикалық іс-шарасы
Ағымдағы жылдың 27 қазан күні аудан бойынша 26 қазанмен-2 қараша аралығында Республикалық "Мектеп" жедел - профилактикалық іс-шарасы аясында Меркі АПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі А.С. Копбаев, Меркі АПБ ЖПҚБ-нің ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Д.Т. Омарова, Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері С.А. Метеркулова, АПБ-нің КТІЖ учаскелік полиция инспекторлары және білім беру мекемелерінің құқықтық тәрбие орынбасарларынын қатысуымен бірлескен түнгі рейдтік іс-шаралар жүргізілді. Рейд барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі мезгілде ойын-сауық орындарында, кафелерде жүрмеуі, жұмыс жасауға жол берілмейтіні туралы барлық тойхана, кафе, ойын-сауық орындарының иелеріне ескерту берілді.











