15
июнь
2023
«Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау» тақырыбында балалармен пікір алмасу сабағы болды
15 ші маусы күні «Табиғатты аяла» үйірмесінде «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау» тақырыбында балалармен пікір алмасу сабағы болды. Табиғаттың көз тұндырар көркем, флорасы мен фаунасы бір-бірін қайталамайтын көрікті жерлер қашанда сол елдің мақтанышы мен қазынасына айналары анық. Жер шарында шамамен өсімдіктердің 500млн-нан астам түрлері бар. Өсімдік шер шарының «өкпесі» болып саналады. Сондықтан олардың табиғаттағы түрлерін сақтап, қоршаған ортаның әртүрлі қолайсыз жағдайларынан қорғауымыз керек. Ал жануарлар дүниесі қоршаған ортамызға биологиялық әсемдік пен тепе-теңдікті сақтап алушы ағзалар. Бүгінгі сабақта балалар жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау,оларды үшін «Қызыл кітаптың» маңызы туралы білімдерін кеңейтті. Сабақта оқушылар сөзжұмбақ шешіп, суреттермен жұмыс жасап, өз ойларын еркін айтып отырды. Болашақта Отанымыздың көркеюі үшін өздері қосатын үлестерін де айтып өтті.



