05
май
2023
Түсіндіру жұмыстары
Меркі ауданы білім бөлімінің 04.05.2023 жылғы № 675 хаты негізінде кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, ақша бопсалаудың, буллингтің, кибербуллингтің, топтық төбелестің алдын алу мақсатында 6-11 сынып білім алушылары арасында ДҚТЖО А.Оңланбекова мен мектеп психологы А.Назаралиева сауалнама жүргізіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізді. Буллингтің қандай жағдайға әкеп тіреуі мүмкін екендігі және біреудің қорқытып, қорлауына ұшыраған жағдайда не істеу керектігі түсіндірілді.
