24
апрель
2023
"Director's cup"
Жамбыл облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2023 жылы 6 сәуір күні I Облыстық "Director's cup" атты білім беру ұйымы басшылары арасында дебат турнирінің аудандық кезеңі өтіп, Дебат турниріне мектебіміздің директоры Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы мен №6 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Меңлібеков Бақтияр Смәділұлы «Парасат» фракциясы болып қатысты. Нәтижесінде мектебіміздің директоры Нұрдаулет Талантұлы «Үздік кейс» номинациясын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Облыстық кезең 21 сәуір күні өткізіліп, облыстық кезеңге Нұрдаулет Талантұлы және #5 Ақарал мектеп-гимназиясының директоры Қойшыманова Нұрила Сейсембаевна “Прогресс” фракциясы болып қатысты. Нәтижесінде “Прогресс” фракциясы 1ші орын жеңімпазы атанып, Республикалық кезеңге жолдама алды.
Биіктерден көрінуіңізге тілектеспіз! Жеңісіңіз құтты болсын! Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз 👏🏻


Биіктерден көрінуіңізге тілектеспіз! Жеңісіңіз құтты болсын! Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз 👏🏻



