25
апрель
2023
«Кәмлетеке толмаған жасөспірімдердің құқығы мен қылмыстық жауапкершілігі»
Меркі ауданы білім бөлімінің 24.03.2023 жылғы № 353 хаты негізінде жалпы білім беру ұйымдарында 1-30 сәуір аралығында «Білім алушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған» айлықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес « Кәмлетеке толмаған жасөспірімдердің құқығы мен қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында Меркі АПБ-ның ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторы полиция капитандары Е.А.Оспанбеков, Б.У.Солтанаевтың және «Жастар» ресурстық орталығының заңгері Халмырзаев Ержан Алимжановичтің қатысуымен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты: жасөспірімдердің қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқықбұзушылық құқықтарымен таныстырып, психо-активті заттардың зияндығы, зорлық-зомбылықтың алдын алу , әсіресе бүгінгі таңда қоғамда орын алып жатқан «Буллинг», «Кибербуллинг», «топтық төбелес» сынды тәрбиелік-құқықтық кеңестер беріліп, оқушылар өз ой-пікірлерімен алмасты. Сонымен қатар , жолда жүру ережелерін сақтау және оны болдырмаудың алдын алу бойынша әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді, ұялы телефон арқылы алаяқтардың құрбаны болмау туралы , «Уылдырық» жедел операциясы аясында таулы аймақтарға, өзен көл маңына серуенге, пикникке шықпау туралы ескертілді. Басты назарда балалар өмірінің қауіпсіздігі екендігі айтылды.
