25
апрель
2023
«Алғыр топ» атты жастар арасында білім жарысы өткізілді
Ағымдағы жылдың 20 сәуір күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде жастар орталығының мамандарымен бірлескен «Жастарға Білім» бейресми жобасы аясында «Алғыр топ» атты жастар арасында білім жарысы өткізілді. Іс-шара барысында жарысстың ашылу салтанатында бас төреші - №20 Т.Рысқұлов атындағы ЖОББМ-нің кәсіптік бағдар беруші маманы- Абилхаирова Асель Серікқызы және Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурустық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жастар ісі жөніндегі инспекторы – Усербаева Жансая Қыдырбайқызы сөз сөйледі.
Аудандық білім жарысына «Алғырлар», «Үздіктер», «Ақылдылар», «Білімгерлер», «Достық» топтары өзара бақ сынасты. Жалпылама сайыс 4 кезеңді құрады. Бірінші кезең – Жеңілдетілген сұрақтар, екінші кезең – Мамандықтар әлемі , үшінші кезең – Мамандық туралы мақал–мәтелді табу, төртінші кезең – Ақындар мен батырлар туралы сұрақтар қойылды.
Аталмыш шарада топтасқан жастар өздерінің білім деңгейлерін тексеріп, жарысқа белсене атсалысты. Жарыс нәтижесінде I-орын «Достық» тобы, II-орын Алғырлар тобы, III-орын Ақылдылар тобы иеленді. Білімгерлер, Үздіктер топтарына алғыс хат табысталды. Жүлделі орын иегерлеріне арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бейнежазба: https://www.instagram.com/reel/CrdFxkPAkvW/?utm_source=ig_web_copy_link