07
апрель
2023
Денсаулық күні
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 7 сәуір дүниежүзілік денсаулық күні қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы №725 қаулысымен бекітілген «Дені сау ұлт!» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау ұлттық жобасын тиімді іске асыру шенберінде денсаулық күні өткізілді.
Өткізілген іс – шараның мақсаты: Оқушылардың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын арттырып, салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.
Жоспарға сәйкес спорттық жарыстар мен ойындар ұйымдастырылды. Бұл күні аталмыш шараға 8-11 сынып оқушылар қатысты. «Денсаулық баршаға» — демекші барлық қатысушылар белсенділік танытып, денсаулық күніне арналған акциядан оң әсер алып, бойларына күш-қуат жинап, бір серпілгендері анық. Денсаулық күніне өткен іс-шаралар жоспар бойынша өтіп, мектеп оқушылар түгел ат салысты. Бұл өткен іс-шараның адам денсаулығына, көңіл күйіне үлкен әсер етті және эстетикалық тәрбиесіне де зор ықпал етті.