07
апрель
2023
"Ұлы бабалар ерлігі еш ұмытылмайды" тақырыбында 7-10 сынып білім алушыларымен сурет байқауы ұйымдастырылды
Жауғаш батыр Қырбасұлының 290 жылдығын аталып өтуіне байланысты өскелең ұрпақты бабалар рухында тәрбиелеп, батырларымызды таныту, ерліктерін дәріптеу мақсатында Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 7 сәуір күні "Ұлы бабалар ерлігі еш ұмытылмайды" тақырыбында 7-10 сынып білім алушыларымен сурет байқауы ұйымдастырылды. Мұнда білім алушылар Жауғаш батырдың ерліктері мен батырлығын суреттеді. Нәтижесінде: І орын- 10ә сынып оқушысы- Бектемір К, 8г сынып оқушысы- Малыч Я, ІІ орын- 7ә сынып оқушысы- Сапарбай Ж, 7в сынып оқушысы- Акматова К, ІІІ орын- 7б сынып оқушылары, 8а сынып оқушысы- Әшір А, 8ә сынып оқушысы- Үкітай А, Нобат А иеленді.









