15
декабрь
2022
Бүгін кезектен тыс жиналыс өткізілді
Бүгін кезектен тыс жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде байқаулар мен олимпиадаларға қатысу кезіндегі академиялық адалдық, жаңа жыл мерекесіне орай түрлі мақсаттарға қаражат жинамау, көңіл көтеретін орындарда тойламау, жалпы қызметтік және қызметтік емес уақытта педагогикалық этиканы сақтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында демалыс күндері рейдтер өткізу, пиротехникалық жарылғыш заттарды қолданудың алдын алу, жиналып көңіл көтеретін орындарға баруды, тау бөктеріне сырғанауға баруды және жалпы құқық бұзушылықты болдырмау бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Жиналыс соңында мектеп директоры ұжымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, жетістікке жеткен ұстаздарды марапаттады.
Жиналыс соңында мектеп директоры ұжымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, жетістікке жеткен ұстаздарды марапаттады.

