23
ноябрь
2022
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды.
Ағымдағы оқу жылының 23 қараша күні ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, жасөпірімдердің қоғам өмірінде белсенділігін арттыру, балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері арасында ынтымақтастықты ұйымдастыруға көмек беру мақсатында аудандық «Ұланымыз Ұлы Елдің!» атты «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жыйыны өткізілді. Салтанатты жыйында мектебіміздің үлгілі, үздік 5 сынып білім алушылары «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылданды.





