31
октябрь
2022
Ағылшын тілі ӘБде ағымдағы оқу жылының 31 қазан күні әдістемелік отырыс өтілді
Ағылшын тілі ӘБде ағымдағы оқу жылының 31 қазан күні әдістемелік отырыс өтілді. Отырыста алғаш болып I тоқсан қорытындысы және мониторингі таныстырылды. I тоқсан қорытындысы бойынша жалпы білім сапасы 70% ды құрады. Екінші мәселеде, желтоқсан айында жоспарланып отырған ӘБ айлығының жоспары құрылып және ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың кестесі құрылды. Келесі болып пән олимпиадасының I кезеңіне дайындық жұмыстары талқыланды. Қатысатын оқушылар тізімі жасалынып, материалдар сараланып дайындалды. Биылғы оқу жылының басында Бөкенбаев Ж, Елемесова М біліктілік арттыру курстарынан өтті. Отырыста олар алған өз білімдерімен іс-тәжірибеде бөлісті.
Соңғы мәселеде тәлімгер Джеенкулова Г.Д жас мамандардың әдістемелік көмек алу мақсатында қатысқан сабақтары туралы сөз сөйледі. Жас маман Орынбасар А ға ары қарай сабақты өту әдіс -тәсілдерді меңгеруі үшін тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысу ұсынылды.