09
December
2025
«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында кітап көрмесі
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ кітапханасында «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Ел Тәуелсіздігінің тарихы мен қарқынды дамуы туралы деректерге тоқтала отырып, оқырманның еліне, жеріне деген құрметін қалыптастырып сүйіспеншілігін арттыру.
Кітап көрмесіне тарихымызды таразылап, еліміздің Тәуелсіздікке жетуде жасаған үлкен қадамдары, өнегеге толы ерлік істеріне баға беретін тәуелсіздік жылдарында халқымыздың басынан өткен сан қилы оқиғалар мен тағдырлар тоғысына арқау болған кітаптармен толықтырылды. Тәуелсіз жас мемлекет- заманауи Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген тұлғалар туралы және еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдеби туындыларымен қамтылды. Кітап көрмесі оқырмандарға таныстырылды.