«Жаңа буын оқулықтары»
Өткізілген күні: 04.09.2025 ж.
Ұйымдастырылатың орны: мектеп кітапхана
Қатысқан : 35 адам
Мақсаты: :
Оқушыларды жаңа буын оқулықтарымен таныстыру, олардың мазмұны мен құрылымындағы жаңашылдықтарды көрсету, білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен заманауи талаптарға сай оқу құралдарының маңызын түсіндіру. Сонымен қатар, оқушылардың оқу процесіне деген қызығушылығын арттырып, оқулықтарды ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 2025 жылдың 04.09.2025 ж.«Жаңа буын оқулықтары» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларды жаңа буын оқулықтарымен таныстыру, олардың мазмұны мен ерекшеліктерін көрсету, жаңа форматтағы оқу құралдарының маңызын түсіндіру және білім сапасын арттыруға бағытталған жаңашылдықтарды насихаттау.
Көрмеде 4, 7, 10, 11 сыныптарға арналған жаңа оқу бағдарламасы бойынша жарық көрген оқулықтар қойылды. Іс-шара барысында оқушылар мен мұғалімдер оқулықтардың мазмұнымен, безендірілуімен және әдістемелік ерекшеліктерімен танысты.