“Жаз аруы” байқауы өткізілді
Қыздарға әсемдік жарасады…. Балалардың өнер- білімге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабіілеттерін дамыту, үлкен - кішіні сыйлауға, өнер - білімге құштар болуға және сұлулықты сезіне білуге баулу мақсатында ағымдағы жылдың 15 маусымында лагерь қыздарының арасында “Жаз аруы” байқауы өткізілді. Байқауға “Ертегілер”, “Солнышко”, “Қарлығаш”, “Көгершін” топтарының қыздары қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды: таныстыру, өнерлі ару, сән үлгісі және аспаздық өнер.