26
May
2025
«Білімім – Отанымa»: мектепалды сынып тәрбиеленушілерімен тәрбие сағаты өтті

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде "Білімім-Отаныма" атты тақырыбында мектепалды сынып тәрбиеленушілерімен тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілердің жыл бойы алған білімінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету, олардың сөздік қорын, ой өрісін кеңейтіп, дамытумен бірге Отан сүйгіштікке, бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында тәрбиеленушілер өздерінің тақпақ өлеңдерін айтып, мереклік концертін көрсетті. Ата-аналар өздерінің жылы лебіздері мен тілектерін білдірді. Соңында тәрбиеленушілер дипломдармен марапатталды.