14
January
2025
«Сапалы білім тиімді жоспар, нәтижелі сабақ»

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ 2025 жылдың 13-31 қаңтар аралығында аудандық «Сапалы білім тиімді жоспар, нәтижелі сабақ» жобасы аясында бастауыш әдістемелік бірлестік айлығының ашылу іс- шарасы өткізілді. Мақсаты: бастауыш сынып және бастауыш сыныптарға сабақ беретін педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдау, өзара тәжірибе алмасу және бастауыш сынып білім алушыларына үздіксіз білім беру арқылы білім сапасын арттыру. Іс- шара барысында директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Утегенова К.И. сөз сөйлеп, ұстаздарға ашық сабаққа сәттілік тіледі. Ұстаздар ән шырқап, білім алушыларымыз өз өнерлерін көрсетті.