Биылғы оқу жылында мектебімізде “Театр және балалар” атты үйірме жүргізіледі. Үйірмеге 6-7 сыныптардан 30 бала қамтылды. Г.Карибаеваның жетекшілігімен “Мысалмен айтқан көп ойлар” тақырыбында іс-шара өткізілді. Ахмет Байтұрсынұлының мысал жанрындағы еңбектерін танытып, насихаттау мақсатында “Қартайған арыстан”, “Егіннің бастары”, “Қарға мен түлкі”, “Қасқыр мен қозы” мысалдарынан шағын қойылымдар қойылды.Жазушы, драматург Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына орай “Мәңгілік бала бейне” атты трагедиялық туындысы сахналанды. 6-7 сынып білім алушылары оқыған шығармаларына пікір білдіріп, шағын көрініс қою арқылы, кейіпкерлердің рөліне еніп, актерлық қырларын таныта білді.