21
October
2022
Адамның денсаулығы - қоғам байлығы
Адамның денсаулығы-қоғам байлығы. Дені сау адамның көңіл –күйі көтеріңкі болып,еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. 21 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ 1 «А» сынып жетекшісі Нармағанбетова Ж оқушылармен тәрбие сағатында «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 1-сынып оқушыларына сабақты жақсы оқып, білімді болу үшін денсаулықтың маңызы зор екендігін түсіндірді. Күнделікті өмірде таза жүріп, уақытылы тамақтанып, денсаулыққа көңіл бөлу керектігін айтып өтті. Әсіресе жеміс-жидектерде дәрумендердің көп екендігін, күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін көрсетті. Оқушылар өздері сүйіп жейтін дәрумендердің суреттерін өздері таңдады.





