27
October
2021
Ыстық тамақ
Ағымдағы жылдың 26 қазан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогтары мектебіміздегі бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылған білім алушылардан мектептегі ыстық тамақтың ұйымдастырылуы жүйесі туралы 8 сұрақтан тұратын сауалнама алды. Сауалнамаға тегін ыстық тамақпен қамтылған 221 білім алушылардың 195 білім алушысы қатысты (1-сынып білім алушыларын қоспағанда). Нәтижесінде, сауалнамаға жауап берген білім алушылардың барлығы мектеп асханасы жұмысының қанағаттанарлы дәрежеде екендігін, асхана тазалығына көңілдері толатындығын, күнделікті беріліп жатқан астың дәмді екендігін атап көрсетті.
