«Туралықты тұғыр еткен Төле би»
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы орта білім беретін мектебінде 8 желтоқсан күні «Туралықты тұғыр еткен Төле би» атты Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай адалдық сағаты 5 «А» сыныбында өткізілді. Халқымыздың тарихында ерекше орны бар Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, Қазыбек, Айтеке бидің қолдауымен үш жүзге төбе би болып сайланған. Артында "бүтін билікке Төле би жеткен" деген сөз қалған тарихи тұлға. "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі.