28
September
2022
«Әлемге әйгілі - Әуезов» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді
Тұрар Рысқұлов атындағы №20 ЖОББМ
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні Ұлы тұлға М. О. Әуезовтің 125 жылдығына орай 10 «Б» сынып оқушыларымен «Әлемге әйгілі - Әуезов» тақырыбында танымдық сабақ өткізілді.
Мақсаты: М. О. Әуезовтің тағылымын оқушылардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой - толғамдарын кеңінен дәріптеу болатын. М. О. Әуезовтің Абайды әлемге танытқандығын, ал Абай арқылы өзінің әлемге танылғандығын естен шығармағанымыз абзал. Келешек жастарға ұлы тұлғаларымызды насихаттау, таныту арқылы елімізді әлемге танытамыз. Сондай - ақ, мектебіміздің кітапхана меңгерушісі Насибулина Мадина Рашидқызы оқушыларды жазушыға арналған кітап көрмесімен таныстыра отырып, жазушы туралы келелі ой,тың ақпараттар берді. Көрмеде жазушының шығармалары мен қатар, оның өмірі мен шығармашылығы туралы мерзімді газет басылымдары қойылды. Оқушылардың дайындаған баяндамалары тыңдалып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы деректер келтіріліп, қысқаша өмірбаяны жайлы бейнебаянда ұсынылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі(орыс сыныптары)
Пән мұғалімі: Мамыткеримова Э. Т.