05
May
2022
«Ер есімі, ел есінде!»
Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні мектебімізде 5-7 сыныптар арасында сурет өнеріндегі талантты балаларды анықтау, балалардың шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің батырларын, ардагерлерін құрметтеп, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Ер есімі, ел есінде!» атты сурет байқауы өтті. Білім алушылардың шығармашылық жұмыстарында Отанға, елге деген сүйіспеншіліктері, жалпы Қазақстан азаматы ретіндегі патриоттық сезімдері көрініс тапқан. Жас дарындар өз еңбектерінде дамыған, гүлденген Қазақстанды көрсетуге тырысқан.



