09
февраль
2022
Мақышов Қуандық Мухитұлының ұйымдастыруымен дебат
2022 жылдың 9 ақпан күні Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм Өзін-өзі тану онкүндігі аясында Мақышов Қуандық Мухитұлының ұйымдастыруымен дебат өтті. Дебатқа 11 сыныптан «Бірлік» және "Қазақстан патриоты" фракциясы қатысқан болатын. Дебат тақырыптары патриотизм, қайырымдылық және адамгершілік жайлы болды. Дебат барысында фракциялар өздірінің жан-жақтылығын және білімділігін көрсеткен болатын. Екі фракция өздерінің ұтымды ойларымен пікір алаңына айналдыра алды. Белсенді қатысқаны үшін «Қазақстан патриоты» фракциясы, ал үздік ой-пікір білдіргені үшін «Бірлік» фракциясы дипломмен марапатталды. Best спикер "Қазақстан патриоты " фракциясының лидері- Махтабай Ұлдана болса, Best ойын көрсеткені үшін "Бірлік" фракциясының лидері-Адаев Бекзат марапатталды.






