30
November
2021
«Ел болашағы- дені сау ұрпақтың қолында» атты отбасылық эстафеталық жарыс
Ағымдағы жылдың 30 қараша күні Меркі ауданының Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жоббм Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай оқушылар мен ата-аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігінің бағалы байлық екенін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасы мүшелерін дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында «Ел болашағы- дені сау ұрпақтың қолында» атты отбасылық эстафеталық жарыс өтті. Жарысты мектеп директоры- Мырзаханов Нұрдаулет Талантұлы 1 желтоқсан- Тұңғыш The president күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Ашылу салтанатында мектептің дарынды жастары спорттық би билеп, тамылжыта әндер орындады. Жарысқа ауданнан 8 отбасылық команда №1,№9,№18,№20,№39,№44,№48, «Балалар аула клубы» мектептері қатысып, 8 тур бойынша бақ сынасты. Сайысқа аудандық білім бөлімінің әдіскері- Ардақ Бахытқызы Тулетбекова, аудандық «Балалар аула клубы» директоры- Алимбеков Марат Исмуханович және жаттықтырушысы- Тұрганбаев Мұхтарбай Амандықұлы қатысты. Жарыста ойын көрсететін командаларға төрелік ететін қазылар алқасы сайланып, төрелік жасады.
Нәтижесінде мектебіміз жүлделі «Бас жүлде» иеленіп, арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.






Нәтижесінде мектебіміз жүлделі «Бас жүлде» иеленіп, арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.






