Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласын талдау » СШ №20 им. Т.Рыскулова
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Тұрар Рысқұлов атындағы
№20 жалпы орта білім беретін мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72632) 4-32-19
Сенім телефоны
+77084558168
Version for
visually impaired
» » Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласын талдау
22
November
2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласын талдау

Тұрар Рысқұлов атындағы №20 жалпы білім беретін мектебі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласын талдау бойынша мектеп ұжымы мен ата – аналарымен өткізілген жиналыстың
ХАТТАМАСЫ


22. 11. 2018 жыл
Қатысқандар: мұғалімдер мен ата – аналар
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласымен таныстыру

Тыңдалды:
Негізгі мәселе бойынша директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қасымова Н.Қ. сөз алып,
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласын талдау


«Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендіру көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса көрегендік пен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады»,- деп бастады мақаланы талдауға жиналған ұстаздар мен ата—аналарға.Себебі, әр халықтың шежіресі қаһармандыққа, жеңістер мен трагедияға толы, оны сол күйінде қабылдаған абзал. Ол үшін ғылыми тұрғыдағы көзқарас қажет,- дей келе, маңызды мақаланы талдауға сөз берді.Алғашқы сөз кезегін тарих пәнінің мұғалімі Жамашев М.О.алып, «Тарих пәнінің мұғалімі ретінде бұл мәселенің халқымыздың барша әлеммен – жақын және алыс шетелдермен қарым-қатынас тарихына да қатысы бар екендігін атап өткім келеді. The president Н. Назарбаев Қазақстанның шекаралас мемлекеттермен аумақтық мәселелерін реттеді, көршілес елдермен және ірі мемлекеттермен достық және стратегиялық серіктестік қатынастарын орнатты жәнеөзара тиімді аймақтық экономикалық ынтымақтастық жүйесін құруда. Тарихтан алынған сабақтар Қазақстанды жаһандық ядролық қарусыздану және таратпау, халықаралық деңгейдегі саяси сенімділік пен ынтымақтастықты нығайту, қақтығыстар мен дағдарыстарды реттеу мәселелерінде белсенді, әрі батыл позиция ұстануға, трансұлттық экономикалық жобаларды ілгерілетуге жетелейді» - деді. Мысалы: АЛТЫН АДАМ- Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, əлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутан хамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз əлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын əйгілейтін бай мифологияны паш етті.Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мəртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сəн-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дəстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі, деп, тілге тиек етті.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рай Ы.А АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ бөліміне тоқталатындығын айтты. «Атқа міну мəдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дəлелдеді. Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дəуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен əскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мəдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дəуірдің символына айналатындығын атап көрсетсе, Бейсебаева Ф.І ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ жөнінде өз ойымен бөлісті.Көпшіліктің санасында тарихи үдерістер, негізінен, тұлғаландыру сипатына ие болатыны белгілі. Көптеген халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.Мысалы, өткен дəуірлердегі Тутанхамон, Конфуций, Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете, Пушкин жəне Джордж Вашингтон сияқты дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде «өз мемлекеттерінің» баға жетпес символдық капиталы саналады əрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр.
Ұлы дала Əл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Əз-Тəуке мен Абылай, Кенесары мен Абай жəне басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге əкелді. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы Қазақстан халқына ғана емес, халықаралық қауымдастыққа – академиялық топтарға, тарихшыларға, мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, мұражай және мұрағат ісінің мамандарына, журналистерге арналған. Нұрсұлтан Назарбаев әлем жұртшылығын дала өркениетінің мәдени және тарихи мұрасын зерттеуге қатысуға шақырады. Сол себепті, Сыртқы істер Министрлігі бұл еңбекті әлемнің көптеген тілдеріне аударады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласын талдау

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласын талдау

Бұл маңызды еңбек «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Мақалада еліміздің бай тарихын бүгінгі күнге ұштастырудың жолдары мен қағидаттары жан-жақты сараланды. Ел тарихының айшықты қырлары мен оны түгендеп, терең зерделеуді қажет ететін тұстары туралы Мемлекет басшысының ой-толғаулары жазылған. Маңызды еңбекте Қазақстанның әлемдік мәдениет пен өркениеттегі және тарихтағы орнын айшықтайтын материалдық һәм рухани мұраларымыз туралы жан-жақты зерделенген. Нұрсұлтан Назарбаев осы мол мұрамызды сақтап және әрі қарай терең зерттеу үшін аса қажетті ірі жобалардың бастау алатындығы туралы жазған.

Қаулы:
1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жүзеге асырылып, оқушыларға кеңінен насихатталсын.
2. Осы мақаланы жүзеге асыру үшін сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізсін. Сынып бұрыштары безендірілсін.
3. Мақала аясында өткізілген іс – шаралар сайтқа орналастырылсын.


Хатшы : Аманбаева А.А
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив